Он миллион теңге алуды ойлаған: Нұр-Сұлтанда әкімдік шенеунігі тұтқындалды
Қысқа сілтеме алу
Шенеунік Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу үшін келісімшарт рәсімдеуге қамқорлық жасаған деп күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Елорданың мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Агенттік Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын рәсімдеуге қамқорлық жасағаны үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр», – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар аясында бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 195 миллион теңге болған.
«Тергеу сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деп атап көрсетті Биғайдаров.
Оқи отырыңыз: Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
sputniknews.kz