Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырды
Вирусты соңғы тәулікте ең көп жұқтырған: астана (59 адам) , Алматы (29) және Қарағанды облысы (24 адам)
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,3% құрады.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 59 (2,7%)
- Алматы қаласы – 29 (1,1%)
- Батыс Қазақстан облысы – 27 (4,1%)
- Қарағанды облысы – 24 (2,6%)
- Маңғыстау облысы – 19 (7,1%)
- Шымкент қаласы – 18 (2,1%)
- Қызылорда облысы – 16 (4,0%)
- Алматы облысы – 15 (4,2%)
- Атырау облысы – 14 (1,3%)
- Жамбыл облысы – 13 (3,4%)
- Павлодар облысы – 11 (5,3%)
- Шығыс Қазақстан облысы – 7 (5,2%)
- Ақтөбе облысы – 6 (1,7%)
- Түркістан облысы – 5 (1,3%).
183 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11571, емделіп шыққандар — 5587, кайтыс болғандар — 41.
Карантин жеңілдетіле бастады
1 маусымда өңірлер арасындағы блок бекеттер алынды.
Сондай-ақ, кеше пойыздар қатынай бастады.
1 маусымнан бастап фитнес орталықтар мен СПА ашылды.
Той мен банкеттер өткізуге әлі рұқсат берілген жоқ.
15 маусымда кинотеатрлар ашылады.
sputniknews.kz