Трамп Қытай мен ДДСҰ — ны коронавирустың таралуына үшін айыптады
Қытай үкіметі мен ДДСҰ бүкіл әлемде коронавирустың таралуына кінәлі. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 30 мамырда өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Бүгінгі әлем Қытай үкіметінің заңсыз әрекетінен зардап шегуде. Қытайдың Ухань вирусы туралы ақпаратты жасырғаны инфекцияның бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік берді, бұл жаһандық пандемияға алып келді және жүздеген мың американдықтар мен бүкіл әлемдегі миллионнан астам адамға шығын әкелді», — деді американдық басшысы.
Трамптың айтуынша, АҚШ ДДСҰ — ға жылына шамамен 450 миллион доллар, ал Қытай — 40 миллион доллар төлесе де, Қытай бұл ұйымды толық бақылауда ұстайды. Ол американдық тарап ҚХР — мен ашық және сындарлы қарым — қатынасты сақтағысы келетінін, бірақ өз халқының ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс екенін атап өтті.
Ол сонымен бірге Қытай АҚШ пен басқа елдерге берген уәделерін үнемі бұзып келе жатқанын қосты. Еске салсақ, Трамп егер ДДСҰ 30 күн ішінде ішкі реформаларды жүзеге асырмаса, АҚШ оны қаржыландыруды біржола тоқтатады деп мәлімдеді.
Кейінірек ол АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қарым — қатынасты үзді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты