Карантин аяқталды деген сөз бе
Алматыда жүйелі түрде скрининг жүргізіліп жатыр. Барлық ірі инфекция ошағы жойылған. Соңғы екі апта ішінде ауру өсімі 5%-тен асқан жоқ
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин блок бекетті алып тастау карантин режимін тоқтатуды білдірмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Блок бекеттің алынып тасталғанына қарамастан, нысандар бойынша карантиндік шаралар сақталады», — деді ол.
Айтуынша, қазір азаматтардың кіріп-шығуына қатысты карантин шаралардың бір бөлігі ғана алынып тасталды.
«Жалпы қаладағы жағдай бақылауда. Ол үшін біз кәсіпкерлік департаментімен, «Атамекен» ҰКП және полициямен жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол нысандар қызметін қайта бастау үшін дайындыққа бағытталған», — деп атап өтті Алматы қаласының бас санитар дәрігері.
Айтуынша, қалада жүйелі түрде скрининг жүргізіліп жатыр, Алматыдағы барлық ірі инфекция ошағы жойылды.
Сонымен қатар соңғы екі апта ішінде ауру өсімі 5%-тен асқан жоқ. 30 мамырда шектеу мен блок бекетті алып тастауға байланысты өсім 4,8%-ды құрады. Осы күні үш мыңға жуық адам ақылы негізде коронавирусқа тест тапсырды.
Айта кетейік, Алматыда 2 647 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 1 552 адам аурудан жазылды, 10 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz