Ақтөбе зауытындағы төрт жұмысшының өлімі: үш адам ұсталды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Ақтөбе хром қосындылары зауытының цех басшысы, бөлім бастығы және учаске шебері қамауға алынды, олар жеті жылға сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы төрт жұмысшының өлімінен кейін үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, учаске шебері, бөлім бастығы және № 4 цех бастығы ұсталды, оларға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Барлық сараптама тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды.

Одан әрі тергеу жүргізілуде.

28 мамырда Ақтөбе хром қосындылары зауытында бұған дейін гидроксил сақталған 50 текше метрлік сыйымдылықты тазарту жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылды.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында ауыл тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан уланып жатыр

Соның салдарынан 4-ші зауыттың төрт жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесін күйік шалып, уланып қалған. Екі қызметкер Ақтөбедегі ауруханаға жатқызылды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-тармағы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz