Әлі той-томалақ ұйымдастыруға болмайды — Бекшин — Қазақстан жаңалықтары
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада әлі той-томалақ ұйымдастыруға рұқсат берілмейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігеріне Алматыда той мен басқа да меркелерді тойлауға рұқсат па деген сұрақ қойылыпты.
«Жоқ. Қазір тек қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілген. Алайда той-томалақ пен басқа да ұжымдық мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады», -деді Бекшин.
Бұған қоса ол қаладағы коронавирусқа шалдыққандардың саны неліктен артып кеткенін түсіндірді.
«Өткен тәулікте қала бойынша 31 науқас тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 науқас тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл — 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790», — деп қосты ол.
Еске салайық, бүгін 1 мамырдан бастап бірқатар қалаларда блок-бекеттер алынған еді.
stan.kz