Ең үздік ұсыныстар Жастар жылы жол картасына енеді
Астана, BAQ.KZ. Астанада Жастар ісі бойынша кеңестің отырысы болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Алдағы Жастар жылы қарсаңында елорда жастарының бастамаларын іске асыру, шығармашылық жобаларды қолдау, оларды ынталандыру және перспективалар мен міндеттер талқыланды.
Жастар ұйымдарының лидерлерімен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин кездесті.
«Бізде қазір мақсат біреу. Жастар жылы аясында қала бойынша өте қызықты, креативті жобалар клубын құру. Біз бүгін сіздермен алдағы Жастар жылына арналған жол картасына өздеріңіздің ұсыныстарыңызды енгізуге байланысты кездесіп отырмыз. Бір жоба бар, соны сіздермен талқылағым келіп отыр. Қала әкімімен «Жастар» сарайында үлкен коворкинг-орталық, жастар ресурстық орталығын, азаматтық бастамаларды қолдау орталығын – ҮЕҰ-дарға арналған орталық ашу келісілген. Бүгін біз қызықты идеяларды естуге келіп отырмыз. Жастар орталығы осындай сарайларда балаларға арналған үйірмелер орналасқан орындарда болғаны жөн. Себебі өскелең ұрпақ өзіне керегін тауып, солардың ізін басуға тырысуы тиіс. Ең басты креативті орта, жаңа идеялар дамуы керек», — деді Ермек Аманшаев.
Жастар ұйымдарының жетекшілері қазір IT-саласын дамытқан жөн болатынын айтты, дегенмен басқа да гуманитарлық, шығармашылық, факультеттердің студентері де қолдауды қажет етеді, олардың кәсіби қызметі дамуы тиіс. Олар жұмыс істеуші студенттер даяшы болып жұмыс жасамай, өздерінің болашақ мамандақтары бойынша ірі ұйымдарда «Жастар» Сарайы қабырғасында би, музыка, сурет салудан тәжірибеден өтуі тиіс.
Жастар ісі бойынша кеңестің отырысында жастар ұйымдарының серкелері елорда жастарының шығармашылық, спорттық және мансаптық дамуының орталығы «Жастар» Сарайының жаңарғанын айтты.
Еркін жүздесу барысында жастар Astana Hub типі бойынша орталықтар, қоғамдық кітапхана, концерттік кешке арналған орын, жас суретшілердің көрмесін, бизнес – инкубатор және барлық оқу орындарында шахмат мектебін ашуды ұсынды.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымыныӊ төрайымы Динара Садвакасова, жастар туризм орталығын құруды ұсынды.
«Біздің Астанада қаладан шығып демалу орны жоқ деп саналады. Астананың жанында тек Бурабай емес, таулы мекен Ақкөл қаласы бар, Қорғалжын қорығы бар. Көлік бар болса, барып көретін орындар жетеді. Мәселен, Астана маңындағы туристік орындарға баратын автобустардағы билет бағасы 1000-2000 теңгеден аспаса», — деді ол.
Студенттер әлеуметтік-маңызы бар жобаларды да ұмытпады. Олар балалар үйлері мен қарттарға арналған үйлерді де қамқорлыққа алуды ұсынды. Кеңесу кезінде айтылған барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайды. Ең үздік ұсыныстар Жастар жылы жол картасына енеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ