Қостанай облысындағы зираттан сәбидің денесі табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай облысы Жітіқара зиратында сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зираттан табылған бала туралы ақпарат Жітіқараның желідегі парақшасында пайда болды. Баланың пакеттен табылғандығы және ол бірнеше сағат соның ішінде жатқандығы атап өтілді.

«Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы белгісіз, нәрестенің тірі ме, жоқ па екенін біз тек болжай аламыз», — деп жазды автор.

 

Өкінішке қарай, бала көз жұмыпты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі нәресте ешқандай жарақат алмағанын хабарлады.

«27 мамырда кешке көз жұмған жаңа туған нәрестенің табылғанына байланысты аудандық полиция бөлімінде тергеу басталды. Қызметкерлер баланың анасы мен куәгерлерді іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Тергеу аясында сараптама тағайындалды», — деп қосты олар.

Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланың анасын өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



stan.kz