Ақтөбедегі цехта оқыс оқиға орын алып, төрт адам қаза болды — Қазақстан жаңалықтары
Ақтөбе цехында оқыс оқиға салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
«28 мамырда “Ақтөбе хром қосындылар зауыты” АҚ №4 цехында 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», — делінген ресми хабарламада.
Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=uj373CFlq4o
stan.kz