Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етеді, мемлекет басшысы әлем лидерлері қатысатын шарада сөз сөйлейді
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 мамырда «COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
Форум БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған және бейнеконференция форматында өтеді. Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.
Сессия барысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.
sputniknews.kz