Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын — Қазақстан жаңалықтары

0

Тұрсынбек Қабатов Нұрлан Қоянбаев екеуінің арасында болған қызықты жайттарды айтып, жұртты күлкіге қарық қылды. 

Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын

Нұрлан Қоянбаев пен Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында тікелей эфирде сөйлесті. 

Тұрсынбек Қабатов Нұрлан Қоянбаевпен бірге жүрген кездерін еске алды. 

«КВН ойнап жүрген кезде бір-бірімізді қорқыту әдетке айналған. Кім кімді қорқытса, сол жеңді деген түсінік болатын. Бір күні сахнадан шығып келе жатқанда шетте тығылып тұрған Нұрлан мені қорқытып жіберген еді. Соны қалайда өзіне қайтарамын дедім. Бір күні дайындықтан соң бөлмемізге келе жаттық. Мен бірінші болып бөлмеге кіріп кеттім. Нұрланның төсегініңа астына кіріп кеттім. Нұрланның бөлмеге кіре сала, өз төсегінде отыратын әдеті болатын. Нұрланның аяғынан шап беріп ұстаймын деген ойым болған. Бірақ Нұрлан көп уақыт келмей қойды. Бір сағат күттім, енді кеп қалар деп жаттым. Екі сағат өтті. Сөйтіп жатқанда ұйықтап кетіппін. Оянсам таң атып кеткен. Нұрлан төсектің астында, мен үстінде жатырмын. Сасқанымнан ешкімді қорқытпастан, ақырын төсектің астынан шықтым. Нұрлан ояу екен, маған қарап «не істеп жүрсің?» деді. Мен не дерімді білмей «қайда жүрсің?» деппін сасып қалып», — деп езуін жиы алмайды әзілкеш. 

Бұл оқиға Нұрлан Қоянбаевтың да есінде. 

«Көп жерде қызықты оқиғаңызды айтыңызшы дегенде, осы оқиғаны айтып жүремін», — деп күлді ол.


Тұрсынбек Қабатов өзін Нұрлан Қоянбаевты көре алмайды дегендерге жауап берді


 

 

stan.kz