Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Қысқа сілтеме алу
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.
Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.
sputniknews.kz