Алматы облысы Талғар өзенінде балықтар жаппай қырыла бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында Талғар өзенінде балықтардың жаппай қырыла бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балық

Бұл туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялапты. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, қазіргі таңда өзен суынан тиісіті сынамалар алыныпты. 

«БАҚ-та және «Facebook» әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейне-ақпарат бойынша, 2020 жылғы 27 мамырда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды», — делінген ресми хабарламада. 

Талдау нәтижелері 2020 жылғы 29 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша қосымша ақпарат жарияланатын болады.

«Жер беті суының сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде бас иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар. Бірінші күнді талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC шегінде белгіленді, сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің концентрациясы нормада және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі» , — деп қосты Қазгидромет өкілдері. 

Бұған қоса олар талдау ұзақтығы бес күнге дейін созылуы мүмкін екенін ескертті. 

stan.kz