Құқық қорғау органдарына қызметке кіру тәртібі өзгертілді — Қазақстан жаңалықтары
Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа тұрғысы келетіндер міндетті бастапқы кәсіби даярлықтан өтуі керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа талаптар құқық қорғау қызметіне, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдарға қатысты.
Президенттің 2020 жылғы 13 мамырдағы жарлығымен бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясына аталған кәсіптік даярлықты өткізу жөніндегі функциялар жүктелген.
Прокуратураға қызметке кіру үшін оқу мерзімі 1 жыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне 6 айды құрайды.
Жоғары заңгерлік білімі бар отыз бес жастан аспаған үміткерлер қабылданады.
Түскендер мемлекет есебінен стипендиямен, тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі.
Оқуға түсу үшін алдын ала мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тестілеуден, әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ академияда іріктеуден өту қажет.
Бастапқы кәсіптік даярлыққа түсу, академияға іріктеу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат құқық қорғау органдарының және академияның ведомстволық сайттарында қосымша жарияланатын болады.
stan.kz