Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде тергелуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы тергелуде. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күзетші болу үшін 1 млн теңге: Елімізде жұмысқа тұру үшін

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді ол онлайн брифингте.

Биғайдаровтың айтуынша, күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы шешімді сот шығарады.

«Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді», — деді Данияр Биғайдаров.

stan.kz