Әнші Абай Бегей неден қорқады? — «Астана» телеарнасы
Әнші Абай Бегей жыланнан қорқады. Ол бауырымен жорғалаушының өзін емес, суретін көрсе де шошиды екен. Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасында айтты.
Абай БЕГЕЙ, ӘНШІ:
Кейде кітаптардың бетін ашып отырғанда жыланның суретін көріп қалсам, көзімді жұмып өткізіп жіберемін. Инстаграмда да жыланды көріп қалсам, көзімді жұмып өткіземін. Өткенде қыздарымды қыдыртып жүріп осы Астанада бір жерге барып көргенбіз жыландардың түрлерін. Қыздарымнан ұялдым. Олар енді қорықпайды. Қастарына жазып қойған осындай жылан, осындай парода деп. Әрең сол қыздарым үшін қасында жүрдім. Бірақ қорықтым.