перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша сот басталды. Қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысының ісі 8 бап бойынша қарастырылып жатыр.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 



sputniknews.kz