28 мамыр шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы
Sputnik Қазақстан 28 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
28 мамырға жоспарланған шаралар
10.00 – Парламент сенатының пленарлық отырысы (БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз).
11.00 – 30 мамыр – Дүниежүзілік шашыраңқы ұмытшақтықпен күрес күніне орай «Интерфакс-Казахстан» агенттігінде онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оған «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы, денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова, Нұр-сұлтан қаласы бойынша шашыраңқы ұмытшақтықпен ауыратын мүгедек-науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапура Байқуанова, ТМД елдері бойынша Merck Biopharma директоры Роджер Элиа, Sona-Pharm компаниясының бас директоры Остап Купновицкий қатысады. Онлайн конференцияны ZOOM желісіндегі https://zoom.us/j/ сілтемесі бойынша көруге болады. 8723347618, +7 777 681 70 40, +7 777 300 16 95 телефон нөміріне хабарласып, ақпарат алып немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы сауал жолдай аласыздар.
20.00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.
29 мамырға жоспарланған шаралар
10.00 – «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе мен басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыратын конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскерлік және ғылыми элитаның өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа да елдердің сарапшылары қатысады.
5 мамырға жоспарланған шаралар
16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің «Ашық диалог» порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады. Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.
11 маусымға жоспарланған шаралар
11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).
17 маусымға жоспарланған шаралар
15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz