Тоқаев қазақстандықтарды коронавирустың екініші толқынына дайын болуға шақырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды коронавирустың келесі толқынына дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Айтуынша, елімізде індеттің шарықтау шыңы артта қалыпты. 

«Бұл дегеніміз эпидемияға қарсы күрес тоқтады деген сөз емес. Коронавирустың қауіпі зор. Ол әлемге айтарлықтай өзгерістер әкелді», — деді Тоқаев. 

Бұған қоса мемлекет басшысы халықты сақ болуға шақырды

«Бұған дейін айтқанымдай коронавирустың екінші рет өршігуіне дайын болуымыз керек. Ахуал әлі тұрақтанған жоқ. Біздің еліміз ауру асқынып тұрған мемлекеттермен шектеседі. Сол себепті сақтық шараларын ұмытпауымыз шарт», — деп қосты президент. 

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 9 304 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 4669-ы аурудан айығып, тағы 37-сі көз жұмды. 

stan.kz