Жириновский Ресейге мигранттардың жіберілмеуін ұсынды
Ресейдің ЛДПР жетекшісі В. Жириновский еңбекке мұқтаж ресейліктердің көбеюіне байланысты коронавирустық жағдай аяқталғаннан кейін мигранттардың Ресейге кіруін шектеу туралы ұсыныс жасады.
«Коронавирустың кесірінен көптеген еңбек мигранттары Ресейден кетіп қалды. Болашақта олардың Ресейге оралуын шектеу керек. Бізде қазір жұмыссыздар көп болуы мүмкін, ал жұмыс алдымен Ресей азаматтары үшін керек», — деді Жириновский.
Депутат Орталық Азия азаматтарына өз елдеріндегі ауылшаруашылық өндірісіне назар аударуды ұсынды. «Және біз онда өсетін немесе жақсы өндірілетін жемістерге, көкөністерге, жидектер мен басқа өнімдерге үлкен тапсырыс беруге көмектесе аламыз», — деп толықтырды ол.
Бұған дейін Жириновский басқа идеяларды ұсынған — Владимир Лениннің бальзамдалған денесін сату туралы және Ресейдің Федерация Кеңесінің таратылуы туралы.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты