«Сағым сынса, мені кешір»: Жол апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің әйелі жан тебрентер пост жазды — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін таңертең орын алған қайғылы оқиға екі отбасыны отағасынсыз қалдырды. Алматы маңындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апатынан екі полиция қызметкері тілге келместен көз жұмды. Қайтыс болған сержант Дастан Әбдіқановтың әйелі жарына арнап, жан тебрентерлік пост жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды.
«Сүйіктім, неге бізді тастап кеттің?! Мен сені қатты сүйемін, өліміңе сене алмаймын. Сен ең жақс күйеу және әке бола білдің. Ұлың екеуміз сені жақсы көреміз және өмір бойы жақсы көріп өтеміз. Жүрегімізде мәңгіге сақталасың. Ал ұлың үшін сен нағыз батырдың үлгісісің. Жарығым, арқа сүйер азаматым, бақытты үш жыл үшін рахмет саған. Барлық жоспарларымызды жүзеге асыра алмадық, сен тым жас кеттің. Сенсіз қалай өмір сүретінімді білмеймін. Жоғыңа шыдамай сағым сынып кетсе, мені кешіргін. Рухың баламызды жебей жүрсін. Мен сені сүйемін, сүйіктім», — деп жазды Динара желідегі парақшасында.
Еске салайық, 25 мамырда сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауданында 1992 жылы туған BMW көлігінің жүргізушісі Алматы мен облыстың шекарасында орналасқан бақылау-өткізу пунктінің бетон қоршауына кіріп, содан кейін патрульдік көлікке соғылды, оның салонында екі полиция қызметкері болды.
Полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған — ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ол Алматы қаласының тумасы. Полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір айлық ұлы бар.
Екіншісі — 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, 1978 жылы туған, жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақаттарынан қайтыс болды. Марқұм Батыс Қазақстан облысының тумасы, 2001 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.
stan.kz