Алматыдағы Көкжайлау шатқалында сауық кешін ұйымдастырғандар қатаң жазаланады — қала әкімдігі — Қазақстан жаңалықтары

0

Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырған жастар қатаң түрде жазаланады. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киноночь«Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруге тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз», — деді Қожағапанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматылық жастар карантинге қарамастан Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырғаны айтылған еді. 

 

stan.kz