«Одан ұялудың қажеті жоқ»: Білім министрі мектеп бітіргеннен кейін грантқа түсе алмай қалғаны жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп түлектерін оқу жылының аяқталумен құттықтап, олардың алдағы емтихандардан сүрінбей өтулерін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аймағамбетов

Бұл туралы министрдің Facebook парақшасында жарияланды. 

«2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталғым келеді. Құрметті, мектеп бітірушілер, колледж бен университет түлектері! Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершіліг зор жақс адам, билік тұлға болатындықтарыңызға сенімдімін. Тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек», — дейді министр. 

Бұған қоса ол өзінің мектепті бітіргеннен кейін бірден оқуға түсе алмай қалғанын атап өтті. 

«Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі — ақылы түрде оқу, екіншісі — 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ға қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тесті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткізген болатынмын»», — деп қотсы Аймағамбетов. 

Айта кетерлік жайт, бүгін 25 мамыр күні мектептерде соңғы қоңырау онлайн түрде өткен еді. 

 

stan.kz