Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті: оқиғаның мән-жайы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазіргі кезде апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Құсмұрын – Тобыл теміржол учаскесінің Қазанбасы – Апановка өткелінде жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл учаскеде жылжымалы құрамның жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан аспауы тиіс деп белгіленген. Машинист осы талапты сақтаған.

«Локомотив манометрі мәліметтері бойынша вагондар арасында ауа қысымының төмендеуіне байланысты Қазанбасы – Апановка теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті пайдаланған. Соның салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кетті», – делінген «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз хабарламасында.

Оқиға жексенбі, 24 мамырда сағат 14.40-те болған.

«Локомотив бригадасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 23 вагонның рельстен шығып кеткені анықталды. Байланыс бағаналары мен теміржол төсемдері де зақымданған. Қазіргі кезде апат зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?

Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында «Қазақстан теміржолы» АҚ мен «Жүк тасымалы» АҚ жетекші мамандарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды.



sputniknews.kz