Ауыл тұрғындары тыйымдарға қарамастан марқұмды жуындырып, коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары
Индонезияның Сидоарджо округіндегі ауылдың тұрғындары денсаулық сақтау жүйесінің ұсыныстарын елемей, мәйіттің денесін жуып, нәтижесінде рәсімге қатысушылар коронавирусты жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирус табылған жергілікті тұрғындардың бірі мамырдың басында ауруханада көз жұмған. Пластикалық пакетке салынып, ағаш табытқа салынған мәйіт туыстарының өтініші бойынша үйіне жіберілген.
Инфекцияның таралу қаупіне байланысты енгізілген қауіпсіздік талаптарына қарамастан, туыстары мен көршілері жерлеу дәстүрін өткізген, соның ішінде мәйітті шығарып, оны жуындырған. Нәтижесінде кемінде 15 адам коронавирус жұқтырды.
stan.kz