Қырғыз-тәжік шекарасында кезекті рет атыс болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарашылары арасындағы кезекті атыс екі елдің шекарасында болды. Бұл туралы Қырғыз мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қырғыз-тәжік

Бұған дейінгі шекаралық оқиға 8 мамырда болды. Ол кезде атыс салдарынан Қырғызстанның үш әскери қызметшісі жараланды, тәжік тарапы екі адам зардап шеккенін мәлімдеген.

Жексенбі күні Баткен ауданы Мойнок елді мекенінде Қырғызстанның шекара қызметшілері Тәжікстанның «Ворух» анклавының тұрғындары қырғыз аумағында мал жаю әрекетін жолын кесті», — деп атап өтті қырғыз шекарашылары.

«Тәжік тарапынан белгісіз тұлғалар қырғыз шекарашыларына қарай атуды бастады. Одан әрі шамамен 11:40 — та (жергілікті уақыт) Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара нарядтары арасында қысқа атыс болды», — деп мәлімдеді баспасөз орталығының өкілі.

Оның мәліметінше, қырғыз шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Шекара ведомстволарының өкілдері осы факті бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

«Қырғыз-тәжік шекарасының осы учаскесіндегі жағдай салыстырмалы түрде тұрақты», — деп атап өтті Қырғыз шекара қызметінде.

Тәжікстанның Исфара аймағының өкілі «РИА Новостиге» берген сұхбатында жексенбі күні таңертең тәжік-қырғыз шекарасында болған қақтығыс қырғыз шекарашыларының Тәжікстанға тиесілі аумаққа басып кіруіне байланысты болды. Тәжік тарапынан бір адам жарақат алды.

«Қырғыз шекарашылары Тәжікстанға тиесілі аумаққа басып кіріп, Тәжікстанның «Ворух» анклавының аумағында орналасқан Пули Офтобруя ауылында малды жаюға кедергі келтірді», — деді Тәжікстанның Согди облысы Исфара ауданы хукумат (әкімшілік) өкілі.

Оның айтуынша, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында атыс болды, нәтижесінде, даулы аймақта шатырлар сынған.

Агенттіктің сұхбаттасушысы жараланған адамдар бар екенін айтты: біреуі тәжік тараптан, екеуі қырғыз жағынан. Ол екі жақтан да шекара бойында және басқа да елді мекендерде әскерилердің жиналғаны байқалатынын атап өтті.

Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігі жергілікті халықтың немесе екі елдің шекарашыларының арасындағы қақтығыс аймағына айналды. Негізгі себеп — межеленбеген учаскелер, мемлекеттер арасындағы шекараның қай жерде орналасқанын анықтау мүмкін емес. Шекараның ұзындығы 980 шақырымды құрайды,оның 450-ден астамы межеленбеген және таңбаланбаған.

stan.kz