Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды
Қысқа сілтеме алу
5 мамырда елге белгілі қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаевтың денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатқызылған
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда парламенттің (Жогорку Кенеш) экс-спикері, қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаев 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қырғызстанның республикалық штабы.
5 мамырда Мұқар Шолпанбаев Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оған коронавирус диагнозы қойылған.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталынын айтты
Дәрігерлер COVID-19 инфекциясы салдарынан ер адамның бойында екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және тағы басқа сырқаттардың пайда болғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол жүрек, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен қатар ауырған.
«Шолпанбаев ауруханаға 5 мамырда түсті. Денсаулығының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне ауыстырылды, ал бүгін, сағат 12:10-да реанимациялық шараларға қарамастан қайтыс болды», — деп жазылған республикалық штабтың хабарламасында.
Мұқар Шолпанбаев 1995-1996 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің спикері қызметін атқарды, Қырғызстан парламенті экс-спикерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
Қырғызстандағы коронавирус
Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда коронавирус инфекциясын 1443 адам жұқтырды. Елде індеттен 15 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz