Алматыда азық-түліктік емес базарлардың ашылуы 1 маусымға жоспарлануда — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда азық-түліктік емес базарлардың жұмысы 1 маусымнан бастап ашылу жоспарлануда. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қала әкімдігі сауда орталықтары мен кафелер 25 мамырдан бастап ашылатынын айтқан еді.

«Барлық базарлар бір мезетте ашылады деген сөз емес. Азық түліктік емес базарларға келсек, олардың көпшілігі санитарлық талаптарды орындаған жағдайда ғана ашылады. Комиссия шешіміне сәйкес, мұндай нысандар аудиттен өткен соң 1 маусымнан бастап ашылуы мүмкін. Нысандарды ашу олардың әзірлігіне міндетті бағалау жүргізілгеннен кейін ғана мүмкін болады», — деді басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин.

Жабылған базарлардың ашылуы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

25 мамырдан бастап, қалада халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ жабылған азық-түлік базарлары мен әмбебап базарлары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана ашылуы жоспарлануда.

Облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіріп, шығуға рұқсат берілді. Қалаға кіруге рұқсат алу үшін өз деректерін almaty.infokazakhstan.kz. базасына енгізу керек. 

stan.kz