Елордада 1 маусымнан бастап барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейді
Қазір Нұр-Сұлтанның мектепке дейінгі мекемелері кезекшілік топтар режимінде жұмыс істеп жатыр, он бес балаға дейін қабылданады
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бір аптадан кейін барлық балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
18 мамырдан бастап балабақшаларда кезекшілік топтар ашылған болатын.
«Ондай жағдай алдымен жұмыс істеп жүрген ата-аналар үшін жасалып отыр. Әрине, санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтау қажет. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың 7,9 проценті, яғни 4 134 бала барып жүр», — деді Қадырова бүгінгі онлайн брифингте.
Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді
Оның айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.
«Ал дайындық топтардың балаларын 1 тамызға дейін балабақшаға әкелуге болады», — деп толықтырды басқарма басшысы.
Айта кетейік, қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда 377 балабақша бар. Оған 55 708 бала барып жүр. Ал мектепке дейінгі топтар 3 485 баланы оқытады.
sputniknews.kz