Коронавирустан көз жұмған ер азаматтың бес баласы жетім қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Филиппинде әкелері коронавирустан көз жұмған бес бала жетім қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

отбасы

Бұл туралы Daily Mail басылымында жазылыпты. 

Мигель Планга есімді филиппиндік азамат қатерлі індетпен 41 күн бойы күресіп, артынша бақилық болған. Оның артында бес баласы, Стефани, Майки, Майкл, Джон және Чеки аңырап қалыпты. Олар осыдан алты жыл бұрын аналарынан айырылған екен. Әйел рактан қаза болған көрінеді. Қазіргі таңда жетім қалған жеткіншектерді олардың туыс әпкесі өз қамқорлығына алған. 

Бүгінгі күні қайырымыды жандар ата-анасыз қалған балаларға арнап ақша жинап жатқан сыңайлы. 

«Әкешім, сізге мың алғыс! біз сізді жақсы көреміз және қатты сағынатын боламыз», — деп жазыпты марқұмның қызы. 

Бұған қоса ол қиын кезеңде отбасыға көмектесіп жатқан барша азаматтарға алғысын білдірді. 

 

 

stan.kz