Әскери шенділерді ұстау операциясының видеосы жарияланды
Қысқа сілтеме алу
Күдіктілер параны танымал мобильдік қосымша арқылы алған. Ал біреуінің кабинетінен ақша табылғаны айтылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, әскери шенділер өзара келісіп, адамды алдау арқылы 150 000 теңгені иемденіп кеткені үшін айыпталып отыр. Олар адамның әскери-техникалық мектеп филиалында әскери қызмет атқарудан босатылуына көмектесуге уәде берген.
«Бұдан бөлек, мектеп директорының орынбасары жеке өзі дәл солай әскери қызметті атқармау мәселесін шешіп беремін деп, 150 теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бүгінде екеуі де өз кінәсін толығымен мойындады. Тергеу шаралары жалғасуда», — дейді Биғайдаров.
Агенттік қызметкерлері әскери басшыларды ұстау операциясын видеоға түсіріп алды. Соған қарағанда, күдіктілер параны танымал мобильдік қосымша арқылы алған. Ал біреуінің кабинетінен 150 мың теңге шыққан.
sputniknews.kz