«Мені Алла жіберді» деген: Айсұлтан Назарбаев бірнеше үйге кіріп, ақша мен азық-түлік таратты — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев карантин уақытында қайырымдылықпен айналысты. Ол бірнеше отбасыға кіріп, азық-түлік пен ақша таратқан. 

Бұл туралы журналист Жолымбет Мәкіш желідегі парақшасында жазды. 

«Айсұлтан Назарбаев елордадағы бірнеше үйге кіріп, азық-түлік таратыпты. Біраз адаға ақша берген. Айсұлтан түскен үйдің бірі Сәнді Ақылай апайыдың үйі. Сәнді апайдың айтуынша, Айсұлтан адам көзіне тік қарамаған, жүрегі мейірімді толы болып көрініпті. Үйге кіре сала, «мені Алла жіберді» деген. Оның жандүниесінде не болып жатқанын білмеймін. Дін туралы айтқан әңгімесінің де неден туғанын білмемін. Бірақ халықты ойлап, қайырымдылық жасауды қолға алсаң, саған тек сәттілік тілеймін», — деп жазды.

Айсұлтан «Жүрек перзенттері» атты кітап таратқан. Сәнді Ақылай оның қазақша араластырып сөйлегенін жеткізді.

«Осы жігіт жақсы азамат», «неменеге соншама дүрлігесіңдер. Пакетпен берген бола ма? Бере ме қаптап берсін, болмаса есте қалатындай ақшалай берсін.Ондай пакетпен біздің Қызылордада студенттерде беріп жатыр. Міне осыны ерлік деп аитуға болады. Алла разы болсын», «Керемет, жарайсың, Алладан қайтсын», «Қайырымдылық барлық қазақ істей алады, кешегі Мақтааралда су тасқынында барлық өңірдің жігіттері, қолдарынан келгенше фурамен тамақ киім барлығын алып барды. Қоғалының жігіттері қаншама қаппен құм тасып суға бөгет жасады, міне осылардікі нағыз ерлік. Айсұлтан таратыпты деп жазасыңдар, таратса байлығы жетеді, ол да аз оған, танғалмаймын, кандай оймен журсе де», — деп жазды желі қолданушылары. 

stan.kz