Елбасының ел көрмеген мүсіні — Атаулы күн

0
Фото: автор

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың құрметіне тұрғызылған ескерткіштер, мүсіндер мен монументтер елімізде аз емес. Осындай сәулет туындыларының бірі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі Елбасы мұражайында тұр.

Мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Билык өмірінің соңғы жылдарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасауға кіріскен. Алайда шебер Елбасының құрметіне жасаған туындысын аяқтай алмаған. Ол 2015 жылы 87 жасында өмірден өтті. Анатолий Билыктың отбасы шебердің қолынан шыққан туындыны Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі Елбасы мұражайына сыйға тартқан екен. Тұңғыш Президент білім алған университеттің төрінде тұрған Нұрсұлтан Әбішұлының ескерткішінің биіктігі 1,5 метр, Елбасы қолына «Астананың атын ауыстыру жайлы» қаулыны ұстап тұр.

«Жерлесіміз, атақты мүсінші Анатолий Билык үш жыл бұрын өмірден өтті. Оның ұлы шеберхананы ретке келтіре жүріп, әкесінің қолынан шыққан Н.Назарбаевтың мүсінін біздің мұражайға сыйлады. Шебер бұл жұмысын ешкімге көрсетпеген, оны тіпті аяқтап та үлгермеген. Анатолий Петровичтің туындысы біздің мұражайдан лайықты орнын тапты деп ойлаймын», — дейді мұражайдың меңгерушісі Дәмеш Жасарова.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, Президенттің мүсіні келушілердің назарын бірден өзіне аудартады.














 





Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ