Коронавирус жұқтырған бұрынғы вице-министр емделіп шықты

0

Надыров ауруханадан шығарылды, қазір медициналық оңалтудан өтіп жатыр. Оның тесті теріс нәтиже көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров дертінен айықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Камалжан Надыров ауруханадан шығарылды, қазір медициналық оңалтуда. Оның тесті теріс нәтиже көрсетті», — деді Бюрабекова денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Айтуынша, экс-вице-министрдің жағдайы қанағанаттарлық.

«Көзге көрінбейтін дұшпан»: Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады 

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Камалжан Надыровтың індетке шалдыққаны туралы 22 сәуірде белгілі болды. Дәл сол күні ол Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі тиіс еді.

Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделді.

Бұған дейін белгілі құқық қорғаушы Джохар Өтебеков пен оның әйелі және балаларының да коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.



sputniknews.kz