Қазақстанда «Халық алғысы» медалі пайда болуы мүмкін
Қысқа сілтеме алу
«Халық алғысы» медалі президенттің тапсырмасымен бекітіледі, медальды мемлекет басшысының өзі табыстайды
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтар «Халық алғысы» медалімен марапатталуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Ашық НҚА» порталында мемлекет басшысының «Халық алғысы» медалі туралы жарлығының жобасы жарияланды.
«Халық алғысы» медалі коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтарға табысталмақ.
Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан президентіне парламент палаталары, үкімет, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда «Елбасы медалі» бекітілді: кімдер марапатталады
Медальды салтанатты жағдайда Қазақстан президенті тапсырады.
«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады.
©
Photo : портал «Открытые нормативно-правовые акты»
«Халық алғысы» медалі
Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипі бейнеленген. Жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ал төменгі жағында «»ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» деген жазу бар.
Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020» деген жазу бар.
sputniknews.kz