Бейсен Құранбекті қараған емшілердің бірі «бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың» деген — Қазақстан жаңалықтары

0

Тележүргізуші, танымал журналист Дана Нұржігіт әріптесі жайлы естелік жазып, қимай қоштасты. Бейсен Құранбектің бар қазақтың ауыртпалығын жүрегімен көтергенін айтты. 

бейсен құранбек

«Қимас досым, жанашыр әріптесім, журналистика, оның ішінде телевизия журналистикасында ҚҰБЫЛЫС болған саңлақ — Бейсен Құранбектен айрылып қалдық, ағайын! Бейсенді қараған емшілердің бірі, «бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!» деген екен.

Нардың жүгін арқалап жүріп, айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың, Бейсеке. Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына, соңғы деміне дейін қасында болып, кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға, әкесінің қос шынары-қыздарына, 90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз! Бақұл бол, досым!», — деп жазды Дана Нұржігіт желіде. 

Желі қолданушылары да жарыса көңіл айтып, иман-саламат тіледі. 

«Иманы саламат болсын! Өте жақсы кісі деп білуші едім… АЛЛАға да жақсы адам керек екен-ау», «Қимаймыз, аға. Жатқан жері жанат болсын», «Алла алдынан жарылқасын. Иманды болсын», «Жаны жанатта болсын, топырағы торқа болсын, арты қайырлы болып, ұрпағына қайыр берсін», — деп жазды олар.


Бейсен Құранбектің WhatsApp желісінде жазған соңғы хаты табылды



stan.kz