Сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
Қысқа сілтеме алу
Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавлда бірқатар сауда орталықтарын ашуға шешім қабылданды
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева сауда орталықтарын ашу талаптары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Күнделікті жұмыс кестесімен сауда жасауға рұқсат беріледі. Ал сауда бутиктеріне кірген сатып алушылардың саны бес адамнан аспауы тиіс. Сатып алушар арасында екі метр қашықтық сақталуы шарт», – деді Пірәлиева бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, кассаның алдында, сондай-ақ, киім киетін жерде арнайы таңбалар болуы қажет.
Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавлда моншаларды ашуға шешім қабылданды. Бұдан бөлек, сауда орталықтары да ашылады. Бірақ фуд-корттар, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар жабық болады.
Оқи отырыңыз: Ірі сауда орталықтары мен кинотеатрлар салықтан босатылады
sputniknews.kz