Мақтаарал кәсіпкері гуманитарлық көмек жеткізгендерге 600 тонна қырыққабат таратады

0

Бүгінге дейін Түркістан облысында зардап шеккендерге 218 тонна азық-түлік таратылды. Ал гуманитарлық көмек жеткізген жүргізушілерге қырыққабат беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Бөгеттің бұзылуы салдарынан су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданында бүгінде 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер және құрылыс материалдары Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналды.

«Зардап шеккен ауыл тұрғындары ең қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Гуманитарлық көмек үшін адамдарға алғыс ретінде кәсіпкер Қанат Маратұлы аймаққа келген жүк көлігінің жүргізушілеріне қырыққабат береді», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы мақсатта гуманитарлық көмекпен тең, 600 тонна қырыққабат жиналды.

Ал зардап шеккендерге 218 тонна азық-түлік таратылды.

Оқи отырыңыз: «Тегін алып кетіңіздер»: Қазақстанның оңтүстігінде қырыққабат шіріп жатыр

Түркістан облысының билігі зардап шеккен отбасындағы балалардың білімдерін шыңдауға арнайы демалыс ұйымдастыруда. Яғни, Мақтаарал ауданындағы 1 210 оқушы жазғы демалысын Қазақстанның оңтүстігіндегі Қапшағай мен Төлеби лагерінде өткізеді.



sputniknews.kz