қазақстандықтар саябақта спортпен айналыса бастады – фото

0

Төтенше жағдай режимі алынып, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары спортпен белсенді айналыса бастады.Қалалық саябақтар, гүлзарлар мен жағалаулар дене шынықтырумен айналысатындарға толды. Біздің фотолентаны көріңіз!

Балалардан қарттарға дейін, ата-аналарымен бірге балалар, ақсақалдар мен келбетті бойжеткендер, сонымен қатар бұған дейін спорт нысандары мен спорт шараларын айналып өтіп жүрген  қарапайым азаматтар – барлығы белсенді және салауатты өмір салтын ұстанатын жақтаушы мен фанатқа айналды.

Карантин кезінде төрт қабырғада отырған, траектория мен қозғалыс қарқындылығы аз болған тұрғындар спортпен айналысуға қуана кірісіп кетті.

Тұрғындар арасындағы спорттағы бұл қарқын қала саябақтарында анық байқалады, әсіресе кешкі уақытта жүгіру жолдары мен велосипед жолдарында, арнайы жабдықталған алаңдарда, жай ғана жасыл желекте отырып адамдар топпен әрі жалғыз жүріп те белсенді түрде жаттығу жасап жатыр.

Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жағалау мен саябақтарды аралап, тұрғындардың спортпен шұғылданған сәтін көріп қайтты.



sputniknews.kz