Қазақстанда бір тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырды
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6440, вирустан емделіп шыққандар — 3256, отыз төрт адам кайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырды. Өсім — 4,6%, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Аймақтар бойынша: Ақмола облысы — 1 (0,8%), Алматы облысы — 3 (1,5%), Атырау облысы — 86 (15,9%), Жамбыл облысы — 2 (1,0%), Батыс Қазақстан облысы — 13 (4,2%), Қарағанды облысы — 18 (7,8%), Қостанай облысы — 1 (1,3%), Қызылорда облысы — 1 (0,4%), Маңғыстау облысы — 8 (5,2%), Павлодар облысы — 3 (1,9%), Түркістан облысы — 19 (9,5%), Солтүстік Қазақстан облысы — 2 (5,6%), Алматы қаласы — 46 (2,6%), Нұр-Сұлтан қаласы — 20 (1,6%), Шымкент қаласы — 60 (17,3%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6 440, вирустан емделіп шыққандар — 3 256, отыз төрт адам кайтыс болды.
sputniknews.kz