Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары
Қарақат Әбілдинаның аяулы анасы Қаламқас ана өмірден озды.
Қаралы хабарды әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова хабарлады.
«Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл- қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын», — деп жазды Сәдуақасова.
Желі қолданушылары мен өнердегі достары көңіл айтып, қайырлы болсын десіп жатыр.
«Жаны жаннатта болсын. Иманды болсын», — деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
«Апамыз иманды болсын. Ораза айында жаны жәнәтта болсын», «Иманды болсын жаны жəннəтің төрі болсын», «Иманды болсын! Артында қалған үрім бұтақтарына сабыр, денсаулық, амандық тілеймін», — деп жазды желідегі жазылушылар.
stan.kz