Тұңғыш Президент күнінде Астанада 30-ға жуық сәби дүние есігін ашты

0
01 Желтоқсан 2018, 16:57 92 0

Астана, BAQ.KZ. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов № 2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді – Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын», — деді Бақыт Сұлтанов.

1 желтоқсанда таңертең № 2 қалалық көпбейінді ауруханада алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі – ұл, үшеуі – қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты. Жалпы бүгін елорданың перинаталдық орталықтарында 30-ға жуық сәби дүние есігін ашқан. Олардың көбі қыз балалар.

Мерекелік акция барысында жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ