«Ол ешқашан қызына велосипед тебуді, жүзуді үйрете алмайды». Қатерлі ісікке шалдыққан әке арманын орындады — Қазақстан жаңалықтары

0

Англиядағы Саттон-Колдфилдтегі мұғалім Джейми Хантер мен оның әйелі Бекки Флинт балаларының туылуын асыға күтті. Алайда, ер адамның бүйрегінде қатерлі ісігі бар екенін білгенде, олардың қуанышы тез сейілді. Содан бері Джеймидің жалғыз арманы болды — мамырдың аяғында қызы дүниеге келгенше аман қалу болған. Бұл туралы Daily Record-ке сілтеме беріп Stan.kz жазады.

Мүмкіндіктің аз екенін түсініп, Бекки мерзімінен бұрын босануды шешті. Оның достары отбасына көмектесу үшін қаржылай көмек көрсеткен. Олардың айтуынша, Джейми көптеген адамға үлгі және керемет мұғалім болды.

«Джейми ешқашан өз баласының бірінші туған күнін тойлай алмайды, оған велосипед айдауды, жүзуді үйрете алмайды немесе мектептегі алғашқы күнінде қызын қолдауға келе алмайды. Мұның бәрін біз қалыпты жағдай етіп қабылдаймыз», — дейді досы Фил Тейлор. 

11 мамырда сәби дүниеге келді, Джейми өзінің қызын көріп, құшақтауды армандады. Бекки Facebook-тегі әсерлі сәттердің суреттерін бөлісті. «Менің қызым өте әдемі, біз оны өте жақсы көреміз», — деп жазды ол. Екі күннен кейін қыздың әкесі қайтыс болған, ол небәрі 38 жаста еді.

stan.kz