Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зертханадан есірткі өндіруге арналған заттар, колбалар, вакуумдық аппараттар мен химиялық қоспалар тәркіленген

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Он тоғыз жасар екібастұздық жігіттің Нұр-Сұлтан қаласында альфа-пирролидиновалерофенон немесе «жылдамдық» деп аталатын синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ұйымдастырғаны әшкереленді.

«Тергеу барысында сотталушының есірткіні кәмелет жасқа толмай тұрып қолданғаны анықталды. Кейінірек ол ақша табу үшін және өзін «жылдамдықпен» қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды шығарумен айналысқан», – деп хабарлады Есірткі қылмысымен күрес басқармасының баспасөз қызметі.

Ол үшін бозбала елордаға көшіп келіп, Көктал маңындағы жер үйді жалға алады. Сөйтіп, психотроптық заттар өндірісін бастайды. Тексеру барысында полицейлер синтетикалық есірткілер, колбалар, вакуумдық аппараттар мен дәрілік заттар және қорғаныс маскалары, тараз, түрлі формулалар жазылған дәптер мен ноутбук сияқты өндіріске қажетті химиялық қоспалар тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ, күдіктіден 2 келі 340 грамм есірткі мен есірткіні жасыру орындарының геобелгілері және ұялы телефондар алынды. Мұның бәрі сотқа дәлел ретінде ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

Күдіктіге аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату мақсатында заңсыз өндірді деген айып тағылып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сот бұйрығы заңды күшіне енді.



sputniknews.kz