Алматыда клиникалық аурухана қызметкері коронавирустан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда Орталық клиникалық ауруханасында коронавирус жұқтырған қызметкер қайтыс болды, — деп хабарлайды Stan.kz Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.
«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында науқас көз жұмды (Орталық клиникалық клиникалық аурухананың қызметкері, лифтіде жұмыс істеген) 16 сәуірде ПТР РНК SARS CoV-2 назофарингальды жағындысы бойынша тест оң нәтиже көрсетіп, әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.
Ол жансақтау бөлімінде интенсивті терапия жағдайында COVID-2019 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес ем алған. Қарқынды терапияға қарамастан, көптеген ағзасының функциясының жұмысы қиындаған. Қазіргі уақытта Комиссия өлім-жітімнің салдарын зерттеу бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижелері өлімнің негізгі себептері туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етіледі», — делінген хабарламада.
stan.kz