Үш миллионға тарта адам 42 500 теңгені екінші рет алды
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 16 сәуірге дейін өтініш берген жағдайда «42 500 теңге» төлеміне екінші айда үміткер бола алады
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.
«Төлемді есептеуге алғашқы ай ретінде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынады. Екінші ай ретінде 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі кезең есепке алынады. Демек 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты «42 500 теңге» төлеміне екінші айда үміткер бола алады», — делінген хабарламада.
Ал 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға құқылы.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап «42 500 теңге» төлемін тағайындауға өтініш қабылдау аяқталды.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралады, ол өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау шарттарына сәйкес келген жағдайда «42 500 теңге» әлеуметтік төлем тағайындалып, төленеді.
Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады.
«42 500 теңге» төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алды.
sputniknews.kz