Алматыда қыз зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

39 жастағы ер адамның қалада тұрақты жұмыс орны, тұрғылықты мекенжайы жоқ екені анықталды. Күдікті қылмыс жасаған кезде мас болғанын айтты

АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру іс-шарасы барысында тұрғылықты жері жоқ 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол зорлық жасағанын мойындады.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне бір ай бұрын тіркелген, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

«Кешкісін бойжеткен Яссауи көшесінің батысында Райымбек даңғылымен үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу аңдып тұрған. Қызды жер асты өткелінде қуып жеткен қаскүнем оны құлатып, дене жарақатын салған. Адам аз жүретін жерге сүйреп апарып, қорлаған», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Арыз түскеннен кейін полиция қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрды. Қылмысты ашу және күдіктіні анықтау үшін бірнеше апта бойы арнайы іс-шаралар жүргізілді.

«Жәбірленушінің сөзіне қарап, күдіктінің фотосы жасалды. Қараңғыда қаскүнемнің бет-әлпетін байқап, оның мінез-құлық ерекшеліктерін есте сақтау мүмкін емес екені түсінікті. Алайда бойжеткен қылмысты ашу барысында маңызды рөл атқаратын ақпаратты ұсынды. Күдікті жуырда қолға түсті», — деді Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

«Балаларымды ол асырай ма?»: дәрігерді зорлаған такси жүргізуші сотта байбалам салды 

39 жастағы ер адамның қалада тұрақты жұмыс орны, тұрғылықты мекенжайы жоқ екені анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ол кезде мас болғанын айтты.

Қазір күдікті қамауға алынды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабына («Зорлау») сәйкес, оның кінәсі дәлелденсе, бес жылдан сегіз жылға дейін түрмеге қамалады.



sputniknews.kz