«Бәйтерек» бюджет қаражаты жымқырылды деген ақпаратты жоққа шығарды

0

Холдинг 197 миллион теңгені жымқырудың ықтимал фактісі бойынша тексеріс жүргізілгенін, бірақ заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді   

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. «Бәйтерек» ұлттық холдингі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің компания қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.   

Атап айтқанда, «Бәйтеректің» лауазымды тұлғалары 197 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Ұлттық холдинг баспасөз релизін таратып, сыбайлас жемқорлық қылмысы болмағанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: «Бәйтерек» холдингінің бірнеше лауазымды қызметкері ұсталды 

Әңгіме «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік «АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін қайта құру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражаты туралы болып отыр.

Холдинг өткен жылдың қараша айында 197 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырудың ықтимал фактісі бойынша тексеріс жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.

«Ішкі аудит қызметі мен холдингтің комплаенс қызметі  (тәуекелдерді бақылау және басқару жүйесі – Sputnik) тексеріс жүргізді. Нәтижесінде консультациялық қызметтерді сатып алудың ішкі рәсімдерін бұзу оқиғасы анықталған жоқ», — делінген ұлттық холдингтің мәлімдемесінде.  

Тексеріс нәтижесі Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаментіне жіберілген.

Холдинг тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсеткенін атап өтті.

«Бәйтерек» қаражатты ұрлау фактісі болмағанына сенімді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен тексерістің қорытындысы туралы БАҚ-қа хабарлауды сұрайды.

Хабарламада холдингтің алдына «ТДҰА» АҚ қызметін  трансформация жасау міндеті қойылғаны айтылған . Ол үшін компанияның бизнес-моделін қайта құру қажет болды.  Осы мақсатта «Accenture» жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы атынан кеңесші тартылған.

Аталған консультант холдинг менеджментімен және ТДҰА бірлесіп ТДҰА бизнес-моделін өзгерту бойынша жобаны табысты іске асырған, компанияның проблемалық портфелі тазартылған.



sputniknews.kz