Қазақстанда қалааралық автобустардың қатынасы қайта жанданады ма? — Қазақстан жаңалықтары
Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қалалар арасында қатынайтын автобустардың қозғалысы қашан жанданатыны жайлы айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ұшақпен және теміржол көлігімен сапарлаған кезде, жолаушылардың арақашықты ұстауын, маска тағу режимін орындауын қадағалайтын жолсеріктер болады. Ал қалалалар арасында автобуспен тасымалдауда осындай қадағалау болмайды. Онда тек жүргізуші ғана отырады және оның мақсаты – көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан автобустарда жолаушыларға қатысты жағдайды бақылайтын адамның болмауына байланысты, қазіргі кезде қалалар арасында автобус қатынасын жандандыру ертерек», — деді Садуақас Байғабылов.
Бұған қоса ол қалааралық автобустар қатынасын іске қосу әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты болатынын атап айтты.
«Блокпостарға тоқталсақ, бірқатар өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдай түзелген кезде, блок-бекеттерді алып тастау бойынша мәселе кезең-кезеңмен қаралады. Сол уақытта автожолдарда жеке көліктердің қозғалысын жандандыруға мүмкін болады», — деді ол.
stan.kz