Елімізде ауа райының қызуына байланысты коронавирустың таралуы басылады ма? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева ауа райының ысуына байланысты коронавирустың таралауы басылады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

«Ультракүлгінді сәулелер патогенді вирустар мен бактериялардың көбін өлтіреді. Яғни сөзсіз күннің ысуының жағымды әсері мол. Жылы ауа райының өзі де адамдарға жайлы әсер етеді. Адамдар көшеге шығады, таза ауамен демалып, төрт қабырғаға қамалып отырмайды. Есік пен терезе ашылып, бөлме желдетіледі. Мұның бәрі жақсы», — деді маман.

Бұған қоса ол басты шарттардың бірі – әлеуметтік қашықтықты сақтау, барынша 1-2 метр аралықта жүру қажет екенін атап айтты.

«Вирус адамдардың жоғары тыныс алу жолдары арқылы таралатынын түсіну керек. Себебі ол жерге ультракүлгінді сәуле жете алмайды. Мәселенің мәнісі осында. Біздің міндет – осы вирустың таралуына жол бермеу», — деп қосты Динагүл Баешева.

 

stan.kz